Қазақстандық футболшының командасы еуропалық чемпионат көшбасшысымен қарымта өткізеді

Сурет: "Висла" ФК
Польшада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсететін "Висла" командасы өз алаңында "Легияға" қарсы тұрып бере алатынына күмәнмен қарайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Футбол клубтары ел чемпионатының 28-ші туры аясында кездесу өткізеді. 

Жергілкті БАҚ бірауыздан турир кестесінде көшбасшы "Легияның" жеңетінін жазып отыр. Варшавалық клуб екінші орындағы "Пястаны" да ұпай саны бойынша да шаңына ілестірер емес - сегіз балл артық жинаған. 

Ал краковтық "Висла" маусым қайта басталғандағы бірінші матчтен бастап нашар ойын көрсетуде, 27-ші турда сол "Пястадан" сырт алаңда ойсырай ұтылды - 0:4.

"Висла" - "Легия" матчі 7 маусымда өтеді. Қазіргі таңда Жуков ойнайтын клуб 31 ұпаймен 16 команда арасында 13-ші келеді.

Айта кетейік, "Вислаға" қарашада қосылған 25 жастағы Жуков оған дейін "Қайратта" ойнаған. Сондай-ақ, ҚПЛ-де "Астана" сапында болған. Ал ұлттық құрама намысын 2015 жылдан бері қорғап келеді.