Жергілкті БАҚ бірауыздан турир кестесінде көшбасшы "Легияның" жеңетінін жазып отыр. Варшавалық клуб екінші орындағы "Пястаны" да ұпай саны бойынша да шаңына ілестірер емес - сегіз балл артық жинаған.
Ал краковтық "Висла" маусым қайта басталғандағы бірінші матчтен бастап нашар ойын көрсетуде, 27-ші турда сол "Пястадан" сырт алаңда ойсырай ұтылды - 0:4.
"Висла" - "Легия" матчі 7 маусымда өтеді. Қазіргі таңда Жуков ойнайтын клуб 31 ұпаймен 16 команда арасында 13-ші келеді.
Айта кетейік, "Вислаға" қарашада қосылған 25 жастағы Жуков оған дейін "Қайратта" ойнаған. Сондай-ақ, ҚПЛ-де "Астана" сапында болған. Ал ұлттық құрама намысын 2015 жылдан бері қорғап келеді.