Қазақстандық футболшының командасы Бельгияның жоғары дивизионына өтуге тырысады

Сурет: "Беерсхот" ФК
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көресететін "Беерсхот" Түркия немесе Германия жерінде "Левенге" қарсы маңызды матч өткізбек. Бұл ойын жеңімпазы жоғары дивизионға өтеді. 

Бельгиялық БАҚ мәліметінше, "Левен" мен бельгиялық лига басшылығы бұл кездесу 1 тамыз "Беерсхот" алаңында өткізуге пейіл білдіруде. Айта кетейік, 31 шілдеге дейін Белгияда спорттық шараларға тыйым салынған. 

Алайда "Беерсхот" ойынды бейтарап аумақта - Түркия не Германияда өткізгісі келеді. Өйткені келесімаусымға жоспарлы дайындығын бұзғысы келмейді. Алайда шетелде ойнаудың бір қиындығы екі апта карантинде болу қажет. 

"Левен" - "Беерсхот" матчін өткізетін орын мен уақыты 31 мамырға дейін жария етілуі тиіс, олай болмағанда екі команда да екінші дивизионға түседі де, олардың Pro League-дегі орнын "Вестерло" басады.

Шешуші ойындардың бірінші кедесуінде "Беерсхот" жеңіске жеткен (1:0). Бельгияның екінші дивизионындағы тұрақты чемпионатында Вороговский 19 бір гол салып, бір нәтижелі пас берген.