Қазақстандық футболшының командасы азшылықта ойнағанымен Король кубогының финалына шықты

Сурет: "Аль-Фейсали"ФК©

Сапында қазақстандық футболшы Александр Меркель ойнайтын "Аль-Фейсали" Сауд Арабиясы королінің кубогы финалына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда "Аль-Фейсали" 1:0 есебімен "Аль-Наср Риядты" ұтты. Айта кету керек, тоғызыншы минутта Игорь Росси алаңнан қуылып, команда жеңіске он футболшымен жетті. Шешуші гол 81-ші минутта пенальтиден салынды, оны Жулиу Тавареш сәтті орындады.

Финалда "Аль-Фейсали" командасы "Аль-Таавунмен" кездеседі.

29 жастағы Меркель матчті толықтай ойнады. Қазіргі клуб үшін ол былтырдан бері өнер көрсетіп жүр. Оған дейін нидерландтық "Хераклес" сапында болды. Сонымен бірге ол "Адмира Ваккер" (Аустрия), "Бохум" (Германия), "Милан" (Италия) және басқа да клубтарда ойнаған. 

Сонымен бірге ол Қазақстан құрамасы үшін үш матч өткізген.

Жаңалықтар