Қазақстандық футболшының еуропалық командасы элиталы дивизионда орнын сақтап қалды

Сурет: "Висла" ФК
Сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсететін краковтық "Висла" Польшаның элиталы дивизионында орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

36-шы тур аясында "Висла" сырт алаңда "Заглембеден" 1:3 есебімен ұтылды. Алон Тургема (9-шы минутта) салған голға алаң иелері Филип Стажиньски (31-ші), Саша Живец (38-ші) және Лукаа Поребаның (57-ші) дәл соққыларымен жауап берді.

Жуков бұл матчке қатыспады - қазақстандық жарақат салдарынан маусым соңына дейін ойнай алмайды.

"Висла" чемпионат аяқталғанға бір тур қалғанда жоғары лигада қалу үшін күресіп жатқан сегіз команда арасында бесінші, алайда, команда енді төмен түспейді. Ал алтыншы орыннан былайғы клубтар екінші дивизионға түседі - "Арка", "Корона" және "Лодзь".
Жаңалықтар