"Қазақстандық футболшылар үшін жақсы". Самат Смақов ҚПЛ-дің кеңейтілуі жайлы

Сурет: "Ақтөбе" ФК

Қазақстандық белгілі футболшы әрі функционер Самат Смақов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ-дің кеңеюінің жақсы жағы барын айтады. 

"Премьер-лигада команда көбейгені жақсы. "Ақжайық" қосылғанын білемін. Онда футболды жақсы көреді, трибунада жанкүйер көбейеді. Кеңею қазақстандық футболшылар үшін де жақсы, бірінші лигада ойнау бөлек, ал ҚПЛ-де мүлде басқа. Айырмашылығы үлкен. Футболшыларымыздың деңгейі өседі. 

Қаржылық қиындықтар болуы да мүмкін, әрине. Дегенмен, жақсыдан үміттенеміз. Премьер-лига 2020 жылға қарағанда нашарлау болатын шығар. Алайда бұл кеңейгендіктен емес, бюджеттің өзгеруіне байланысты, ойыншылар мен легионерлер де басқа болады. Дегенмен, екінші жағынан қарасақ жергілікті футболшылар көбірек ойнайтын болады. Жақсы жақтары да, кері тұстары да бар", - дейді Смақов. 

Жаңалықтар