Қазақстандық футболшылар Халықаралық жарысты жеңіспен бастады
Қазақстан U-16 жасөспірімдер құрамасы "УЕФА Даму Кубогының" алғашқы ойынында Жаңа Каледонияны 6:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Қазақстан U-16 жасөспірімдер құрамасы "УЕФА Даму Кубогының" алғашқы ойынында Жаңа Каледонияны 6:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
Еске салайық, біздің командамыз Жаңа Каледония, Эстония және Фарер аралдарымен бір топқа түсті. Жарыс Эстонияның Отепя қаласында өтіп жатыр.
Бірінші таймда-ақ, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Темірлан Ағыманов хет-трик жасады. Содан соң, үзіліске бес минут қалған кезде Ахметали Қалтанов қарсылас қақпасына төртінші голды соқты.
Екінші таймда командамыз алаңға жаңартылған құраммен шықты. 52-минутта алаңға жаңадан қосылған Виктор Лакеев қазақстандықтардың бесінші голын соқса, 90-минутқа қарай Димаш Серікұлы матчтың нүктесін қойды – 6:0.
Жаңа Каледонияның 2017-жылғы жастар арасындағы Әлем Чемпионатының қатысушысы болғанын атап өтуіміз қажет.
Александр Кузнецовтың шәкірттері келесі ойынды 28 сәуірде жарыс қожайындары – Эстонияға қарсы өткізеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де.
Қазақстан U-16 – Жаңа Каледония U-16 – 6:0 (4:0)
Голдар: Тамерлан Ағыманов 6, 15, 40, Ахметәли Қалтанов 41, Виктор Лакеев 52, Димаш Серікұлы 90
Қазақстан U-16: Әбілқайыр Әлиақбар (қ) (Әлихан Жанай (қ) 46), Рустам Жанхаев (Елжан Молдахмет 46), Данияр Ерлан (Ерлан Тұтқабаев 46), Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Виктор Лакеев 46), Ілияс Әбіл (Бейбарыс Әбділхай 46), Ахметәли Қалтанов (Димаш Серікұлы 46), Аруп Саутов (Хамза Мұхаметәли 46), Әділет Өмей, Темірлан Ағыманов (Алан Адахаев 46), Тимур Құрбанов (Данияр Нәдір 46);
Аға бапкер: Александр Кузнецов.
Жарнама