Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатындағы дебюттік голын соқты

©

Құрамында Александр Меркель өнер көрсететін "Газиантеп" Түркия Суперлигасының 8-туры аясында "Алтаймен" кездесті. Матч 4:1 есебімен "Газиантеп" клубының пайдасына шешілді.

29 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы негізгі құрамда шығып, ойынның 57-минутында Түркия чемпионатындағы дебюттік голын соқты. Ал 20-минуттан кейін алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

Меркель Түркия Суперлигасында 7 матч өткізіп, 1 голмен көзге түсті.

Осы жеңістен кейін "Газиантеп" 11 ұпаймен 12-ші орынға көтерілді. Ал "Алтай" 15 ұпаймен бесінші сатыда келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар