Футбол
23 шілде 2020 12:06

Қазақстандық футболшы ресейлік команданың шешуші матчтегі ең мықты ойыншысы атанды

Сурет: "Ростов" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов, WhoScored ресурсының тұжырымынша "Зенитпен" маусымның шешуші матчіндегі "Ростовтың" ең үздік ойыншысы ретінде мойындалды, -  деп хабарлайды Vesti.kz

Ресей премьер-лигасының 30-шы туры аясында "Ростов Аренада" өткен ойын 2:1 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Зайнутдинов 18-ші минутта есепті ашты, ал "Зенит" сапынан Эмилиано Ригони (72-ші минут) мен Сердара Азмуна (75-ші) гол салды. 

WhoScored қазақстандықтың ойындағы әрекетін 7,7 баллға бағалады, бұл "Ростов" футболшылары арасындағы ең үздік көрсеткіш. Ал матчтегі ең мықты ойыншы ретінде 8,5 ұпаймен Ригони мойындалды.

Зенит" чемпионатты 73 ұпаймен аяқтап, екінші жыл қатарынан ел біріншілігін ұтып отыр. "Ростов" 45 баллмен бесінші орында, команда Еуропа лигасына жолдама алды.