Қазақстандық футболшы ресейлік клубты жеңіске жеткізді

20 қыркүйек 2022 13:43
©"Кубань" КФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин краснодарлық "Кубань" сапында Ресейдің бірінші лига матчінде гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Щеткин жеңіс голын оныншы турдағы тулалалық "Арсеналмен" ойында салды. Қазақстандық футболшының 59-минутта соққан добы есепті "Кубань" пайдасына 2:1 қылды. 

"Кубань" 11 жинап, турнир кестесінде 13-орында келеді.

Бұл Щеткиннің жуырда қосылған "Кубань" үшін бірінші голы. Мүның алдында ол "Ротор" сапында 25 матч өткізіп, жеті гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport