Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин краснодарлық "Кубань" сапында Ресейдің бірінші лига матчінде гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Щеткин жеңіс голын оныншы турдағы тулалалық "Арсеналмен" ойында салды. Қазақстандық футболшының 59-минутта соққан добы есепті "Кубань" пайдасына 2:1 қылды.
"Кубань" 11 жинап, турнир кестесінде 13-орында келеді.
Бұл Щеткиннің жуырда қосылған "Кубань" үшін бірінші голы. Мүның алдында ол "Ротор" сапында 25 матч өткізіп, жеті гол соққан.