2021/22 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған молдовалық "Шериф" Қазақстанның жастар құрамасы U-19 командасының ойыншысы Данил Анкудиновпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды тираспольдік клубтың баспасөз қызметі.
Кейінгі жарты жылын "Родина" (Мәскеу) клубында өткізген Анкудинов "Шериф" сапындағы бақылау ойындарында екі гол салды.
Қарағанды тумасы мұның алдында испаниялық "Касабланка" командасында өнер көрсеткен.
18 жастағы шабуылшы Еуро-2021 іріктеуінде Қазақстанның жастар құрамасы үшін екі матчте ойнады.
Айта кетейік, топтық кезеңде "Реал" мен донецктік "Шахтерді" ұтқан молдовалық клуб Еуропа лигасында өнер көрсетуін жалғастыруда. "Шерифтің" келесі қарсыласы – португалиялық "Брага".