Қазақстандық футболшы ойнайтын мәскеулік клуб "Тобылды" өзгеше құттықтады

©ЦСКА ФК

Сапында қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА қостанайлық "Тобылды" ҚПЛ-дегі чемпиондығымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшылар бірнеше тілде құттықтау видеосын түсірді.

"Тобылды" чемпиондықпен құттықтаймын. Алға, жігіттер, жарайсыңдар!", - деді Зайнутдинов.

"Э, оны түсірмеңдер, ол "Тараз" жанкүйері. Ал мен "Тобылды" қолдаймын. Құттықтаймын жігіттер", - дейді Ильзат Ахметов.

 "Тараз" да жарап тұр!", - деп қосты Зайнутдинов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport