Футбол
18 маусым 2020 18:05

Қазақстандық футболшы ойнайтын Еуропалық клубқа матчтерді көрермендермен өткізуге рұқсат етті

Сурет: wisla.krakow.pl
Польшаның футбол федерациясы сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын краковтық "Вислаға" өз алаңындағы матчтерді көрермендермен өткізуге рұқсат етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Енді 33 268 көрермен сиятын стадионның төрттен бір бөлігіне көрермендерге кіруге болады. Осылайша, клуб алаңда 8000 мыңдай адамның қолдауын көре алады. 

"Висла" келесі матчін 21 маусым сырт алаңда "Ракуваға" қарсы ойнайды, ал үш күн өте өз алаңында Плоцк қаласының аттас командасы - "Висламен" кездесу өткізеді. 30 тур қорытындысы бойынша Жуковтың командасы 35 ұпаймен 16 команда арасында он үшінші келеді. Ал қазақстандық футболшы биылдыққа он матчте ойнады. 

Қарашада Польшаға ауысқанға дейін Жуков алматылық "Қайратта" өнер көрсетіп, 2017 мен 2019 жыл аралығы 69 матчте бес гол салған. Қазақстан чемпионатында алматылық клубтан бөлек "Астана" сапында да өнер көрсетті. Ал Қазақстан құрамасында 2015 жылдан бері ойнайды.