Қазақстандық футболшы өнер көрсететін армениялық команда ЧЛ үшінші іріктеу кезеңіне шықты

©"Пюник" ФК

Қазақстандық футболшы Геворг Наджарян өнер көрсететін еревандық "Пюник" командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екінші іріктеу кезеңінің жауапты ойынында "Пюник" командасы сырт алаңда "Дюделанждан" 4:1 есебімен үстем түсті. Армениялық команда сапында Лука Юричич дубльдің авторы атанса, Жуниньо мен Юсуф Отубанджо бір-бір голдан соқты. Ал алаң қожайындары сапынан Мохсин Хассан бір гол салды. 

Наджарян алаңға 87-минутта Отубанджо орнына шықты. 

Осылайша, "Пюник" екі ойынның қорытындысы бойынша "Дюделанж" командасын 4:2 есебімен жеңіп, ЧЛ үшінші іріктеу кезеңіне шықты. 

Енді үшінші іріктеу кезеңінде "Пюник" сербиялық "Црвена Звездамен" кездеседі. Бұл ойындар 4 және 10 тамыз күндері болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport