Қазақстандық футболшы карьерасын Еуропада жалғастыруы мүмкін
"Қайрат" пен "Ақтөбе" командаларының бұрынғы футболшысы Рифат Нурмугамет карьерасын Әзірбайжан біріншілігінде жалғастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат" пен "Ақтөбе" командаларының бұрынғы футболшысы Рифат Нурмугамет карьерасын Әзірбайжан біріншілігінде жалғастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта бұл футболшымен беларуссиялық бапкер Алексей Бага жаттықтыратын "Сумгайыт" командасы келіссөз жүргізуде.
Бага Нурмугаметті жақсы біледі. Жартылай қорғаушы бұл маманның қол астында 2021 жылы "Ақтөбе" сапында ойнаған болатын.
26 жастағы Нурмугамет "Қайрат" командасының тәлімгері. Ол өз карьерасында алматылық команданың негізгі құрамында бірнеше кездесу өткізген. Сонымен қатар, ол "Жетісу" намысын қорғаған. Жартылай қорғаушының соңғы командасы "Мақтаарал" болған еді. Бұл командадан жартылай қорғаушы бірнеше күн бұрын кетті.
Жарнама