Футбол
27 желтоқсан 2021 11:27

Қазақстандық футболшы карьерасын аяқтады

©"Алтай" ФК

37 жастағы жартылай қорғаушы Константин Заречный ойыншы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Павлодарлық футбол мектебінің түлегі кәсіпқой карьерасында 21 маусым өткізген, ең алғаш ол 2001 жылы "Ертісте" ойнай бастады. Одан кейін "Экибастузец", "Тараз", "Жетісу", "Атырау" мен "Ақжайық" сапында өнер көрсеткен. 

Сонымен қоса, Заречный бірінші лигадағы клубтарда да ойнады - "Алтай" мен "Ақсу".  ​

2021 жылғы маусымда ол "Ақсу" үшін 14 матчке қатысып, екі гол салып, бір нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport