Қазақстан жастар құрамасының көшбасшысы 2019 жылғы маусым аяғында қарағандылық "Шахтерден" кеткен еді. Содан кейін ол басқа клубта ойнамады және жастар құрамасының қыркүйектегі іріктеу матчтеріне де шақыртылмады.
Еске салайық, 2020 жыл басында Бачек хорватиялық "Хайдук" командасының бақылау матчтеріне қатысқан, алайда, клуб ойыншыны трансферлік кезең жабылғанша сапына қоса алмады.
Мұның алдында 19- жастағы қазақстандыққа германиялық "Штутгарт" қызыққан болатын.