Қазақстандық футболшы испаниялық клубта өнер көрсетеді

© Миния" ФК
Атырау футбол мектебінің тәлімгері Асылбек Сейітқалиев Испанияның төртінші дививзионында өнер көрсететін "Герена" клубына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Келісімшарт біржылға есептелген.

27 жастағы жартылай қорғаушы соңғы рет Литваның бірінші дивизионындағы "Миния" сапында болды. Оған дейін өзге литвалық "Коралас" клубында ойнаған.

Сейітқалиев Литваға Бахтияр Рамановтың мәскеулік халықаралық футбол агенттігінің көмегімен барған. Бір кездері осы ұйым қазақстандық бапкер Владимир Чебуринді "Судуваға" орналастырған еді.

Қазақстанда Сейітқалиев көбіне "Атыраудың" екінші командасында ойнаған және бірінші лигадағы ақтаулық "Каспий" үшін 15 матч өткізген. 

Айта кетейік, чемпионаттың бірінші тур қорытындысы бойынша "Герена" үшінші келеді.