Футбол
20 қазан 12:35
 

Қазақстандық футболшы Испанияда командасын жеңілістен құтқарып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық футболшы Испанияда командасын жеңілістен құтқарып қалды ©

Қарағандылық шабуылшы Данил Анкудинов Испания чемпионатының төменгі дивизионында өнер көрсетіп жүрген жаңа командасы «Агрупасьон Депортива Сеута В» сапында екінші голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қарағандылық шабуылшы Данил Анкудинов Испания чемпионатының төменгі дивизионында өнер көрсетіп жүрген жаңа командасы «Агрупасьон Депортива Сеута В» сапында екінші голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испанияның Футбол федерациясы үшінші дивизионының (Tercera Federación) 10-тобындағы жетінші тур аясында «Сеута В» сырт алаңда «Кадис В» командасымен кездескен.

Бірінші таймнан кейін Анкудиновтың командасы 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда екінші таймда «Кадис В» төрт минут ішінде екі гол соғып (53 және 57-минуттар), алға шықты.

Дегенмен 90-минутта алаңға 72-минутта шыққан Анкудинов есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл — оның жаңа команда сапындағы екінші голы.

Осы кездесуден кейін «Сеута В» турнир кестесінде 10 ұпаймен 11-орында, ал «Кадис В» 14 ұпаймен төртінші орында тұр.

Өткен маусымда Анкудинов Испанияның бесінші лигасында өнер көрсететін «Менсахеро» клубының намысын қорғаған. Бұған дейін ол Беларусьтың «Днепр-Могилёв», Литваның «Джюгас», Арменияның «Ван» және Молдованың «Шериф» клубтарында ойнаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADCeutaFCCantera (@cantera_adceutafc)

22 жастағы Данил Анкудинов — Қарағанды қаласының тумасы. Ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларының (U17, U19, U21) бұрынғы ойыншысы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!