Польшалық "Висла" мен Қазақстан құрамасының футболшысы Георгий Жуков 2021 жылдың желтоқсанынан бері краковтық клуб үшін алаңға қайта шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жуков Польша чемпионатының "Гурникке" қарсы 22-ші тур матчінде ойнады. Қазақстандық 82-минутта Стефан Савичті алмастырды.
Бұл кездесуде жеңімпаз анықталмады - 0:0. Жуков алдыңғы ойындарда алаңға шыққан жоқ. Кейінгі рет ол "Висла" үшін 11 желтоқсан "Заглембеге" қарсы матчте ойнаған.
Биылғы маусымда Жуков 15 матчте өнер көрсетіп, бір гол салды. "Висла" қазіргі таңда 22 ұпаймен 18 команда арасында 15-ші келеді.