Қазақстандық футболшы Еуропада мықты екенін тағы бір мәрте мойындатты

Георгий Жуков (оң жақта). Сурет: "Висла" ФК
Польшада коронавирус пандемиясы кезінде жанкүйерлер қатты сағынған он футболшы таңдалды. 2x45.info басылымының тұжырымынша, бұл тізімге краковтық "Висла" сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков те кірді, - деп хабалайды Vesti.kz.

"Висланың" қыс кезеңіндегі ең жақсы трансфері. Орта деңгейден жоғары ойыншы, бұл лигадан бір саты жоғары тұрғаны анық. Польшалық кезең мықтырақ клубқа өту үшін саты екенін мойындап, адал болды. Өз сөзін көктемдегі әр матчте іспен дәлелдеді. Біз оған алты ұпай жаздық - барлық ойыншылардың ішінде ең жоғары", - деп жазыпты басылым.