Қазақстандық футболшы ең қымбат жартылай қорғаушылар тізіміне кірді

©ЦСКА

Transfermarkt бұрынғы КСРО құрамында болған елдердің ойыншылары арасында ең қымбат шабуылдаушы жартылай қорғаушылардың тізімін жасады. Бұл рейтингте ЦСКА сапында ойнайтын Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов те кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Топ-10 тізім мынадай:

1. Руслан Малиновский (Украина, "Аталанта") - 30 миллион еуро.
2. Александр Головин (Ресей, "Монако") - 25 миллион.
3. Алексей Миранчук (Ресей, "Аталанта") - 11 миллион.
4. Генрих Мхитарян (Армения, "Рома") - 10 миллион.
5. Лукас Селараян (Армения, "Коламбус Крю") - 8 миллион.
6. Рифат Жемалетдинов (Ресей, "Локомотив") - 7,5 миллион.
7. Антон Миранчук (Ресей, "Локомотив") - 7,5 миллион.
8. Виталий Буяльский (Украина, "Динамо", Киев) - 7 миллион.
9. Ильзат Ахметов (Ресей, ЦСКА, Москва) - 4,5 миллион.
10. Бахтиер Зайнутдинов (Қазақстан, ЦСКА, Мәскеу) - 4 миллион.

23 жастағы Зайнутдинов "әскерилер" сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport