Футбол
16 қыркүйек 2020 10:26
 
Қазақстандық футболшы азиялық Чемпиондар лигасында Хавидің командасына гол салды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық футболшы азиялық Чемпиондар лигасында Хавидің командасына гол салды Сурет: "Аль-Айн" ФК

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан азиялық Чемпиондар лигасында алғашқы голын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан ойнайтын БАӘ-нің "Әл-Айн" командасы азиялық Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турда Катардың "Әл-Садд" клубымен тең түсті.

Бірінші таймнан кейін Исламханның голының арқасында "Әл-Айн" 2:1 есебімен үзіліске шыққан. Бірақ екінші таймның басында қарсылас команда жағдайды өзгертті. Испаниялық Санти Касорла, содан кейін Багдад Бунеджа гол соғып, "Әл-Садд" алға шықты.

Дегенмен "Әл-Айн" есепті теңестірді. Үшінші голды Буалема Хукхи салып, есепті 3:3 қылып теңестірді.

Айта кетейік, "Аль-Садд" командасын Испания құрамасымен әлем чемпионы болған, "Барселонаның" бұрынғы қорғаушысы Хави жаттықтырады.

Жарнама

Живи спортом!