Қазақстандық футболшы Армения кубогінің жеңімпазы атанды

©"Нораванк" ФК

Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский "Норванк" командасымен бірінші рет Армения кубогінің жеңімпазы атанды. Отанасымыз финалдық ойында 90 минут өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Финалдық ойында "Нораванк" командасының қарсыласы "Урарту" болды. Кездесу 2:0 есебімен "Нораванктың" пайдасына аяқталды. 

27 жастағы Рудоселький бұл команданың намысын ақпан айынан бері қорғайды. "Қайраттың" тәлімгері үшін "Нораванк" үшінші армениялық команда. 

Айта кетейік, қорғаушы осымен өз карьерасында үшінші кубогін жеңді. Осыған дейін ол "Қайрат" сапында Қазақстан кубогін екі рет (2015, 2017) жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар