Қазақстандық футболшы Армения чемпионы атанды
©azerisport.com
Еревандық "Пюник" Армения чемпионатының 35-турында "Араратты" 1:0 есебімен ұтып, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.
Еревандық "Пюник" Армения чемпионатының 35-турында "Араратты" 1:0 есебімен ұтып, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды.
Қазақстан жастар құрамасының 24 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян "Пюниктің" өтініміне енгенімен, алаңға шықпады. Ол армениялық клубқа осы жылдың ақпан айында ауысқан еді, содан бері небәрі 6 матчқа қатысты.
Сондай-ақ "Пюник" сапында "Атыраудың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Артак Дашян мен "Тараздың" экс-шабуылшысы Урош Ненадович өнер көрсетуде.
Айта кетейік, еревандық клуб өз тарихында 15-ші рет Армения чемпионы атанып отыр.
Жарнама