Қазақстандық футболшы алаң ортасынан әдемі гол салды

"Тараз-Қаратау" ФК. Сурет: KazFootball.kz

Футболдан Қазақстанның бірінші лигасында осы маусымдағы ең әдемі голдардың бірі тіркелді. Бұл "Байқоңыр" - "Тараз-Қаратау" командалары арасындағы сегізінші тур матчінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қызылордада өткен кездесу 4:1 есебімен тараздық клуб пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Елисей Горшунов алаңның орта тұсынан салған тамаша голмен көзге түсті. 

Осы ойыннан кейін "Тараз-Қаратау" 14 ұпаймен 12 команда арасында бесінші болды, ал "Байқоңыр" тоғыз баллмен сегізінші келеді.