Футбол
12 қаңтар 2021 11:26

Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды

Сурет: kazfootball.kz

Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды,- деп хабарлайды "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі

Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді. 

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айынан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже. 

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.