Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды
Сурет: kazfootball.kz
Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды,- деп хабарлайды "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі.
Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды,- деп хабарлайды "Қызыл-Жар СК" командасының баспасөз қызметі.
Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші "сенсей" данын иеленген еді.
Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айынан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта "Оқжетпес" бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже.
Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады.
Жарнама