| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 18:35
 

Қазақстандық футбол бапкері испаниялық жетекші мамандарынан тәжірибе алуда

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық футбол бапкері испаниялық жетекші мамандарынан тәжірибе алуда ©

UEFA Pro лицензиясының иегері, қазақстандық маман Александр Кузнецов Испанияда футболшыларды даярлау мен кәсіби командаларды басқарудың заманауи әдістемелеріне арналған ауқымды біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтіп жатыр. 

blog.share

UEFA Pro лицензиясының иегері, қазақстандық маман Александр Кузнецов Испанияда футболшыларды даярлау мен кәсіби командаларды басқарудың заманауи әдістемелеріне арналған ауқымды біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтіп жатыр. 

Қазақстандық бапкер теориялық сабақтарды, тәжірибелік семинарларды және Испанияның жетекші футбол құрылымдарының тәжірибесін зерделеуді қамтитын білім беру бағдарламасына қатысуда.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – ойыншыларды дайындаудың когнитивті-тактикалық әдістемесінің авторы, халықаралық лектор әрі футбол тактикасы бойынша 50-ден астам мамандандырылған кітаптың авторы Хавьер Лопестің арнайы курсы.

Александр Кузнецовтың айтуынша, бағдарлама қазіргі футболдың кең ауқымды мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, ойын модельдерін қалыптастыру, командалық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қарсыластың ойын жүйелеріне қарсы әрекет ету, аналитика, жаттығу үдерісін жоспарлау және ойыншыларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылады.

 

"Қазіргі футбол жоғары деңгейдегі физикалық және техникалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Сондықтан футболшылардың ойын интеллектісін дамытуға және ойын жағдайларын дұрыс түсіну қабілетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде", – деді қазақстандық маман.

Бағдарлама аясында Александр Кузнецов испан футболының танымал өкілдері қатысатын The Magistrals: Táctica. Liderazgo. El fútbol que inspira атты мамандандырылған семинарға да қатысады.

Семинар спикерлерінің қатарында Испания құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы атанған Сеск Фабрегас бар. Ол позициялық шабуылды ұйымдастырудың заманауи қағидаттары, сандық басымдық қалыптастыру және ойын кеңістігін тиімді пайдалану тақырыбында баяндама жасайды.

Сондай-ақ "Вильярреал", "Валенсия" және "Атлетик" клубтарындағы жұмысымен танымал испандық беделді бапкер Марселино Гарсия Тораль өз тәжірибесімен бөліседі. Оның дәрісі ойынның өтпелі кезеңдері, тікелей бағыттағы футбол және жоғары бәсекелестік жағдайында команданы басқару мәселелеріне арналмақ.

Бағдарламада кәсіби клубтардың инфрақұрылымын зерделеуге, спорттық менеджмент мәселелеріне және футбол академияларының жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылған. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық сертификаттарға ие болып, кәсіби қызметте қолдануға арналған әдістемелік және бейнематериалдарға қол жеткізеді.

Қазіргі уақытта Александр Кузнецов Қытайда бапкер болып жұмыс істейді. Бұған дейін қазақстандық маман Португалияда еңбек етіп, Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларын табысты басқарған.

Александр Кузнецовтың жетекшілігімен Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары бірнеше мәрте халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. 2023 жылы Александр Кузнецов QJ League нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік спорт менеджері деп танылды.

Сонымен қатар, ол футболшылардың ойын интеллектісін дамытуға арналған Brain Football әдістемесінің және осы аттас кітаптың авторы болып табылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!