Қазақстандық форвард еуропалық клубтың ең қымбат ойыншыларының үшітігіне кірді

© "Қайрат" ФК
Қазақстандық форвард Самат Сәрсенов латвилық "Валмиераның" ең қымбат ойыншыларының бірі атанды, - деп хабарлады Vesti.kz.

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Самат Сәрсенов "Қайрат" сапынан кетіп, жаңа клубпен келісімшартқа отырды. 

Transfermarkt.de мәліметінше, 23 жастағы Сәрсеновтің трансфері 250 мың еуро. "Вальмиереде" одан қымбат екі ойыншы ғана бар - украиналық Мыкола Мусолитин (400 мың еуро) және латвиялық Виталис Ягодинскис (350).

Айта кетейік, "Вальмиера" әзірге трансфердің мән-жайын ашпай отыр. Сәрсеновтің жаңа клубы латвияның жоғары лигасында төртінші. 
Жаңалықтар