Қазақстандық екі команда футболшылар мен бапкерлерге айлық бермей жатыр

15 қыркүйек 2021 18:52
©"Шахтер" ФК

Түркістандық "Тұран" мен қарағандылық ​​"Шахтер" қаржылық қиыншылықтарға тап болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аталған қос клубта жалақы кешіктірілуде. Футболшылар мен жаттықтырушылар штабы екі айға жуық жалақы алмаған.

"Шахтер" көп ойыншылармен келісім-шартты бұзғандықтан қиындықтарға тап болды. Жақын арада екі клубтың басшылары ойыншылар, жаттықтырушылар және қызметкерлер алдындағы барлық қарызды қайтарады.

ҚПЛ-дің 20 турынан кейін "Шахтер" турнирлік кестеде 11-орында тұрса, "Тұран" 12-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: