Қазақстандық белгілі қақпашы Давид Лория Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. Ол бұл қызметке кезектен тыс конференцияда тағайындалды.
Лория қазақстандық футболдың ардагері. Карьерасын 1997 жылы 15 жасында бастаған - шортандылық "Автомобилист" сапында семейлік "Елімаймен" матчте. Одан кейін футболшы "Есіл", "Астана", "Шахтер", "Локомотив" (Астана), "Қайрат", "Ертіс", "Ордабасы", шведциялық "Хальмстад", ресейлік "Спартак-Нальчик" және түркиялық "Ризеспор" мен "Каршиякада" өнер көрсеткен.
Қазақстан құрамасы сапында 45 матчке қатысты, сонымен бірге, жастар арасындағы чемпионатта ойнады. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, ел Кубогының иегері.
Еске салайық, Лория футболшы карьерасын былтыр мамырда аяқтаған. Содан кейін спорт менеджементі бойынша жоғары білім алды, соның ішінде, УЕФА желісі бойынша да.