Қазақстандық бапкердің командасы Литва чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті
Владимир Чебурин баптайтын "Жальгирис" Литва чемпионатының 7-турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Владимир Чебурин баптайтын "Жальгирис" Литва чемпионатының 7-турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Вильнюс қаласының командасы қонақта "Джюгас Тельшай" ойыншыларын 5:3 есебімен ұтты. "Жальгирис" сапында ойнайтын қазақстандық ойыншы Дінмұхамед Кәшкеннің алаңға шықпағанын айта кеткен жөн.
Қазіргі таңда Чебуриннің командасы ішкі чемпионатта 15 ұпаймен үшінші орында келеді. "Паневежис" клубы болса 17 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
56 жастағы Владимир Чебурин 2021 жылдың басында вильнюстік ұжымның тізгінін ұстаған еді. Оған дейін қазақстандық бапкер 2016-2019 жылдары "Судуваны" жаттықтырып, үш рет Литва чемпионы атанды. Сонымен қатар, Кубок пен Суперкубокті иеленді. Екі рет Еуропа Лигасының плей-офф раундына дейін жетті.
Чебурин бапкерлік карьреасында қазақ жерінде "Шахтер" мен "Оқжетпес" клубтарын жаттықтырды.
Жарнама