Футбол
10 тамыз 2022 00:15

Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар Лигасында тең ойнады

©Жальгирис ФК

Литва біріншілігінің жеңімпазы "Жальгирис" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу айналымында Норвегияның "Буде Глимт" командасымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалықтар бірінші таймның 39-минутында (Франсис Кьереме) есеп ашса, 51-минутта қонақтардан Йоэль Мугиша таразы басын теңестірді. Ойын соңына дейін "Жальгирис" қақпаға 9 соққы жасап, 6 бұрыштама добын көтерді. Норвегиялықтар болса 10 соққы мен 10 бұрыштама добын көтерді. Қорытынды есеп 1:1.

Алғашқы матчта Чебурин ойыншылары сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырай ұтылғандықтан турнирді Еуропа лигасында жалғастырады.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport