Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасында оңбай ұтылды

©Жальгирис ФК

Литваның бірнеше дүркін жеңімпазы "Жальгирис" командасы Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу айналымындағы алғашқы матчта "Буде-Глимт" клубына ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Норвегиядағы алғашқы ойында алаң иелері жауапсыз бес гол салды. "Буде-Глимт" сапында Ветлесен, 33-минутта пенальтиден (1:0). Пеллегрино, 36 (2:0). Сальвесен, 58 (3:0). Хейбротен, 61 (4:0). Эспейор, 90+3 (5:0) ерекшеленді. Қарымта матч 10 тамызда Вильнюсте өтеді.

Еске салайық, Владимир Чебурин осыған дейін Литваның "Судува" командасын үш рет ішкі чемпионатта жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, өткен жылы "Жальгириспен" Литва чемпионы атанды. 

Білікті маман қазақ жерінде "Оқжетпесті" жаттықтырып, Бірінші лига чемпионы атағын жеңді. "Шахтермен" Қазақстан біріншілігінің қола жүлдесін иеленген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport