Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық "Жалгирис" Конференция лигасы топтық кезеңінде бірінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Вильнюсте өткен ойында Чебуриннің командасы еревандық "Пюникті" ұтты - 2:1. Жеңімпаздар сапында Фабьен Оурега (23-минут) және Ренан Оливейра (42) ерекшеленді. Армяндық командада Арас Озбилиз (78) пенальтиді сәтті орындады.
"Жалгирис" үшін бұл еурокубоктардың топтық кезеңіндегі (тарихи) бірінші жеңіс.
H тобында төрт турдан кейін 7 ұпаймен "Базель" көш бастап тұр. Одан кейін "Пюник" (6), "Слован Братислава" (5) және "Жальгирис" (4).
27 қазан "Базель" - "Жальгирис", "Слован Братислава" - "Пюник" матчтері өтеді.