Қазақстандық бапкер футболдан Литва біріншілігінің чемпионы атанды

©"Жальгирис" ФК

Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын "Жальгирис" командасы Литва біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кейінге шегерілген 19-тур ойынында "Жальгирис" командасы өз алаңында "Паневежис" (2:0) командасынан айласын асырып, біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда "Судувадан" алты ұпай озып, чемпион атанды. 

56 жастағы Чебурин "Жальгирис" командасының тізгінін жыл басында ұстады. Бұған дейін ол 2016 жыл мен 2019 жылдар аралығында "Судуваны" жаттықтырып, үш мәрте қатарынан чемпион атанған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар