Қазақстандық бапкер еуропалық сегіз дүркін чемпионды жаттықтыруы мүмкін

Сурет: "Судува" ФК

Қазақстандық маман Владимир Чебурин вильнюстік "Жальгирис" командасын жаттықтыруы мүмкін,- деп хабарлайды Sportas.lt.

Мәлімет бойынша, ол литвалық клубқа үш үміткердің бірі екен. Қазіргі таңда ол клуб басшылығымен келіссөз өткізіп те үлгенреген. Сонымен қатар, "Жальгирис" басшылығы Беларусь пен Украина мамандарын да қарастырып жатқан көрінеді. Әзірге олардың есімдері аталмай отыр. 

"Жальгирис" өткен маусымда Литва чемпионатында бірінші болды. Жалпы бұл команда ел біріншілігін сегіз рет ұтқан.