Қазақстандық атақты бапкер бірінші лига командасын жаттықтыратын болды
©instagram.com/fc.khantengri/
Алматылық "Хан-Тәңірі" клубы Дмитрий Огайды бас бапкер етіп тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық "Хан-Тәңірі" клубы Дмитрий Огайды бас бапкер етіп тағайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маман "Ертіс", "Тобыл", "Қайрат" және "Жетісу" командаларын жаттықтырған. 2002 пен 2003 жыл аралығы ол жетекшілік еткен "Ертіс" премьер-лига чемпионы болды, ал 2007 жылы "Тобылмен" Интертото кубогін ұтып алды. Огай 2002 бен 2008 жыл аралығы тоғыз рет қатар ҚПЛ-де жүлделі орыннан көрінді.
2002, 2003 және 2005 жылдары ол "Жыл бапкері" атанып, Қазақстандағы титулы ең көп маман болып келеді.
Ал "Хан-Тәңірі" бірінші лигада тоғызыншы келеді.
Жарнама