Футбол
9 қыркүйек 2021 20:20

Қазақстанда істеген маман еуропалық клубқа бапкерлікке тағайындалысымен одан кетіп қалды

© "Ертіс" ФК

Димитар Димитров бас бапкер болып тағайындалғанына бірнеше сағаттан кейін "Арда" клубынан кетіп қалды. Бұл туралы Dnevnik.bg хабарлап отыр.

Кырджали қаласының клубында болгариялық маманның бұл шешімі салмақты жеке себептеріне байланысты болғанын хабарлады. Енді команданы Димитровтың штабында болған Георги Чиликов жаттықтырады. 

Айта кетейік, 62 жастағы Димитров 2015-2017 және 2018-2019 жылдары "Ертісті" жаттықтырған. 2016 жылы павлодарлық командамен премьер-лигада үшінші орынға дейін жеткен. 

2020 жылы мамырда "Ертіс" қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан чемпионатынан шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport