Футбол
2 тамыз 2022 02:29

Қазақстанда сегіз ай бұрын құрылған клуб жабылуы мүмкін

©Reuters

Футболдан екінші лигада ойнайтын Aqtobe City клубы чемпионаттан шеттетілуі мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz.

"Клубта қаржылық қиындықтар бар. Ойыншылар үш айдан бері айлық алмай келеді. Іссапар мен логистикаға қаржы жоқ. 12-турда Ақтауда "Каспий Ж" командасымен ойнауы тиіс еді. Алайда сырт алаңдағы матчқа бара алмады. Енді клубқа айыппұл бекітіліп, техникалық жеңіліс жазылады. Келесі жолы осындай жағдай қайталанса клубты жарыстан шеттетеді", - деп жазады басылым.

Бірінші айналымнан кейін Aqtobe City клубы 12 команданың арасында сегізінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport