"Қазақстанда ойын деңгейі еуропалық емес". "Тобыл" бапкері Конференция лигасындағы жеңілісін түсінірді

Сурет: "Тобыл" ФК

"Тобылдың" бас бакпері қызметін атқарушы Александр Москаленко команданың Конференция лигасы екінші іріктеу раундындағы хорватиялық "Хайдуктен" ұтылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорватияның Сплит қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Хайдукты" заңды жеңісімен құттықтаймын. Қорғаныста жинақы ойнай алмадық, соған қоса, толғанысымызды баса алмадық. Бастапқы шабуылдарда да қателер жібердік. Мұндай қарсыласпен бұлай ойнауға болмайды. Өкінішке қарай, Қазақстанда футбол деңгейі еуропалық емес. Бізде ойлау жылдамдығы осындай бір-екі команда ғана бар. 

Қазақстанда біз қатемізді түзей аламыз, ал Еуропада бұл үшін жазаңды аласың. Дегенмен нәтиже екі ойыннан шығады. Үйде қабырғалар да демеу дегендей. Қазір бәріне сараптама жасап, жоғары деңгейде ойнау қажет", - деп береді Москаленко сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Қарымта ойын 29 шілдеде Қостанайда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport