Футбол
23 қазан 2020 17:38

Қазақстанда ойнаған футболшы командасына Еуропа лигасында жеңуге көмектесті

Сурет: sportlights.ru©
Сапында "Ақтөбе" мен "Тобылдың" бұрынғы футболшысы Чиприан Дяк ойнайтын румыниялық ЧФР Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші турында софиялық ЦСКА командасын ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.


Болгарияда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. 53-ші минутта Дяк берпген бұрыштамадан Марио Рондон гол салды. Ал 74-ші минутта Дяк пенальтиден гол соқты.



Осылайша, ЧФР үш ұпаймен А тобында бірінші болды, ал болгариялықтар соңғы.