Футбол
20 сәуір 2020 16:25

Қазақстанда ойнаған бразилиялық футболшы еуропалық клубқа қосылды

Сурет: football.by
"Атырау" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Родригес Ферейра Нивалдо белоруссиялық "Белшина" команадсына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


31 жастағы бразилиялықпен келісімшарт жыл соңына дейін есептелген. Футболшының кейінгі командасы мальталық "Гуджа Юнайтед" болатын. Бұған дейін форвард ташкенттік "Локомотив", белорусскиялық "Динамо-Брест", "Гомель", ресейлік "Луч-Энергия", "Сибирь", бразилиялық "Алекрин" мен "Бараунас" командаларында ойнады.

Ал "Атырау" сапына 2011 жылдың шілдесінде келіп, келесі жылдың жазына дейін өнер көрсетті. ҚПЛ-дегі 33 ойында ол бір гол салды.

"Белшина" бес тур қорытындысы бойынша ек ұпаймен 16-шы орында келеді.