Қазақстанда өтетін "Астана" мен "МЮ" матчін 300 мың адам тамашалағысы келген

© "Астана" ФК
Еуропа лигасы топтық кезеңінің "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы "Астанада" өтетін бесінші тур матчін 300 мың жанкүйер өз көзімен тамашалағысы келген. 

Mirror мәліметінше, билет сатып алуға түскен сұраныс саны "Астана Арена" сыйымдылығынан тоғыз есе артық болған.

Еске салайық, ойын ертең, 28 қараша "Астана Аренада" жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталады. Бүгін командалар баспасөз мәслихаты мен ашық жаттығу өткізеді. АПЛ командасы Қазастан астанасына өткен түні ұшып келген.

"Манчестер Юнайтед" Қазақстанда "Астанамен" өтетін матчке құрамын жариялады