Футбол
31 қазан 18:53
 
Қазақстанда Конференция лигасының финалы өтуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда Конференция лигасының финалы өтуі мүмкін ©Depositphotos/rarrarorro

УЕФА 2028 және 2029 жылдары өтетін Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы финалдарын ұйымдастыруға қызығушылық білдірген 15 ұлттық қауымдастықтың өтінішін ресми түрде қабылдағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Ерекше назар аудартқан жаңалық — Қазақстанның УЕФА Конференциялар лигасының финалын өткізуге ниетті болуы. Алдын ала тізімге Астана мен Алматы қалалары енгізілген. Қай қала мен стадион финалға ұсынылатыны өтінім беру кезінде нақты анықталады.

Қазақстаннан бөлек, Конференциялар лигасының финалын өткізуге Франция (Лилль), Венгрия (Будапешт), Италия (Турин), Польша (Гданьск) және Финляндия (Хельсинки) қалалары да үміткер ретінде қарастырылып отыр.

Қызығушылық білдіру өтініштері ресми міндеттемеге жатпайды. Толық өтінімдер мен құжаттар 2026 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады, ал барлық сегіз финалдың иесі туралы шешім 2026 жылдың қыркүйегінде жарияланады.

Айта кетейік, өтінім қабылдау процесі 2025 жылдың 11 шілдесінде басталған, ал қызығушылық білдіру мерзімі 22 қазанда аяқталған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!