Футбол
18 сәуір 2024 10:02
 

Қазақстанда қақпашыларға қатысты жаңа ереже енеді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда қақпашыларға қатысты жаңа ереже енеді ©ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол ережесіне тағы бір жаңа ереже енгізуді жоспарлауда. Олар қақпашылардың уақыт созу тактикасын қалыпқа келтіруді көздейді. 

blog.share

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол ережесіне тағы бір жаңа ереже енгізуді жоспарлауда. Олар қақпашылардың уақыт созу тактикасын қалыпқа келтіруді көздейді. 

Қазіргі таңдағы футбол ережесі бойынша қақпашы допты 6 секунд ішінде ойынға қосуы керек. Егер одан асып кетсе, айып добы белгіленеді. Алайда төрешілер бұл ережені қатаң ұстана бермейді, себебі айып алаңы ішінде еркін соққы жасауға мүмкіндік берсе, онда қарсылас командаға басымдық сыйлайды. Кейде төрешілер қақпашыға сары қағаз көрсетумен шектеледі. 

IFAB қақпашылардың уақыт созу тактикасын (әрине командасы ұтып тұрғанда немесе тең есеп қанағаттандырғанда) дұрыс санамайды. ESPN ақпараты бойынша, алдағы уақытта қақпашыларға берілетін уақыт 8 секундқа дейін ұзартылып, егер ол уақыт аралығында допты ойынға қоспаса, жаңа ереже бойынша жазаланатын болады. Егер 8 секундтан асып кетсе, қарсылас команда бұрыштама немесе қақпаға жақын маңнан допты ойынға қосып кете алады. 

Ұйым жаңа ережені 2024/25 жылғы маусымда сынақтан өткізіп көреді. 2025 жылдың соңына қарай қорытындысын жариялап, жаңа ереже жайын мақұлдайтын болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!