Қазақстанда жас футболшыларға сенім аз. Халықаралық зерттеу қорытындысы жарияланды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы 21 жастан аспаған футболшыларды ойнату уақыты бойынша ұлттық чемпионаттар арасында 85-ші орында. CIES Football Observatory халықаралық спорттық зерттеу орталығының есебінде әлем бойынша жалпы 93 чемпионат көрсетілген. 

2019 жылы ҚПЛ-де 21 жасқа дейінгі футболшылардың тек 5,7 пайызы ғана ойнаған. Бұл көрсеткіш бойынша алда Словакия тұр - ойын уақытының 29 пайызы жастарда. Екінші және үшінші орында Жаңа Зеландия мен Ирландия - 28,8 пайыздан. Ал ең төменгі көрсеткіш Сауд арабиясы мен Түркияда - 3,7 пайыздан. 

Еуропалық чемпионаттардан Бундеслига 66-шы орында (9,8 пайыз), АПЛ - 74 (8,5 пайыз), Италияның A сериясы - 76 (7,7 пайыз), Испания чемпионаты - 79 (7,0 пайыз).

Ал жастарға сенім жағынан ең жоғары көрсеткіш Жаңа Зеландияның "Веллингтон Феникс" қосымша командасында (93,3 пайыз) және "Янг Лайонс" Сингапур (81,1 пайыз). Қазақстандық командалар арасында көшбасшы "Шахтер", өткен маусымда жас ойыншылардың 15,1 пайызы құрамда ойнады. "Қайрат" екінші - 13,9 пайыз. Үшінші 13 пайызбен "Ақтөбе".
Жаңалықтар