Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасында жаңа клуб өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
JAS-SUNKAR деп аталатын жаңа команда елорданың намысын қорғайды.
"Құрметті жанкүйерлер, Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында JAS-SUNKAR футбол клубы ресми түрде қатысатындығын қуанышпен хабарлаймыз. Команда сапында елордалық клубтың тәрбиеленушілері ойнатындығын айтқымыз келеді. JAS-SUNKAR клубының алдында үлкен мақсаттар тұр. Бәсекеге қабілетті ұжым болатынына сеніміміз мол!", - делінген клубтың ресми парақшасында.
Ақпарат көздерінің айтуынша, клуб №8 Балалар мен жасөспірімдер Олимпиадалық даярлау мектебінің орнын басады. Қазіргі таңда жаңа команда Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.